Мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Жаңалықтар
view 30
news

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық мәселесі талқыланды. Мемлекеттер басшылары Мәскеуде өтетін келіссөздер екі елдің стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту тұрғысынан айрықша маңызды екеніне назар аударды. Сонымен қатар әлемдегі қазіргі ахуалдың кейбір аспектілері қарастырылды, — делінген хабарламада.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *