Не үшін: Трамп Путинмен кездесуден бас тартты

Жаңалықтар
view 140
news

Фото: Valery Sharifulin/TASS

АҚШ президенті Дональд Трамп  Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесуден бас тартты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ВВС жазды. 

АҚШ президентінің пікірінше, Мәскеудің Украинадағы атысты тоқтатуға шынайы ықылас танытпауы санкцияға себеп болды.

Біз президент Путинмен кездесуден бас тарттық. Біз қажет нәрсеге қол жеткізе алмаймыз деп ойладым, сондықтан бас тарттым, – деді Трамп.

Трамп Путинмен келесі кездесу "болашақта" өтуі мүмкін деген болжам айтты, бірақ оның мерзімін нақтыламады. 

Өткен аптада Трамп Владимир Путинді соғыс қимылдарын тоқтатуға көндіретінін айтты. Будапешт саммитіне АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров президенттер кездесуінің алдында көрісуі керек еді. Алайда ол кездесу болмай қалған, Мәскеу ол жоспарланбағанын мәлімдеді. Рубио мен Лавров телефонмен сөйлесумен шектелді.

Алайда Мәскеу кездесуге дайындық жүріп жатқанын алға тартты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *