«Тыңдаушы Үкімет қайда?»: Роза Рымбаева халық не үшін митингіге шығатынын айтты

Жаңалықтар
view 405
news

Фото: видеодан скриншот

Қазақстанның халық әртісі, әйгілі әнші Роза Рымбаева Жаңаөзен, Қаңтар оқиғалары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ол наразы жұмысшылар ең әуелі қызмет ететін мекемесіне барып шағымданатынын айтты. 

 

Ол мекеме тыңдамағаннан кейін басшылыққа барып айтады. Олар тыңдамаған соң алаңға шығады. Ол болмаған соң Астанаға келіп айтады. Сонда тыңдаушы Үкімет қайда? Бәрін естіп, біліп отыр. Менде сондай сұрақ туындайды. Еріккеннен ешкім шықпайды. Әділетсіздік болған соң халық шығады. Ол жерде қарапайым еңбек адамдары шығып жатыр. Сол жерде жұмыс істеп жатқандар, сырттан келгендер емес, – дейді Рымбаева Қанат Тілеуханға берген сұхбатында.  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *