2036 жылғы Олимпиада қай елде өтетіні белгілі болды
Фото: DW
Алдын ала берілген дауыс санының қорытындысы бойынша, Бавария астанасының тұрғындарының басым бөлігі қалада Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізу идеясын қолдап дауыс берген, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы DW жазды.
Берлин уақытымен сағат 20:21-де 364 сайлау учаскесінің 345-інде дауыстар саналған. Нәтижесінде «иә» деп жауап бергендердің саны «қарсы» болғандардан екі есе көп екені белгілі болды. 284 мың адам қолдап бауыс берсе, 144 мың адам қарсы екенін білдірген.
Süddeutsche Zeitung газетінің жазуынша, дауыс беру белсенділігі (38,5%) Мюнхен тарихындағы рекордтық деңгейге жеткен. Бұған дейінгі рекорд 2001 жылы тіркелген болатын, сол кезде қала тұрғындары Фреттманинг ауданында жаңа стадион салу мәселесіне қатысты референдумға қатысып, 37,5% көрсеткішке жеткен еді.
Неміс Олимпиадалық спорт конфедерациясы (DOSB) 2026 жылы ғана Германияның Олимпиада өткізуге ресми өтінім беретін-бермейтіні туралы шешім қабылдайды деп хабарлайды dpa агенттігі. Сонымен қатар Олимпиаданы өткізу орны ретінде Берлин, Гамбург немесе Рейн-Рур аймағы да қарастырылуы мүмкін.
Гамбург билігі өз қаласындағы Олимпиада өткізу мәселесіне қатысты референдумды 2026 жылғы 31 мамырға белгілеген.
Пікірлер (0)