Си Цзиньпин мен Трамп Пусандағы әуе базасында кездесті

Жаңалықтар
view 197
news

Фото: Reuters

Оңтүстік Кореяда ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың кездесуі басталды, деп хабарлайды Stan.kz-ке сілтеме жасаған JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл — Трамптың екінші рет президент болып сайланғаннан кейінгі алғашқы кездесуi. Екі ел басшыларының кездесуі қол алысты. Трамп келіссөздердің сәтті өтетініне сенім білдіріп, Си Цзиньпинмен өзара қарым-қатынасының тамаша екенін атап өтті.

Трамп не деді

Кейін келіссөздер басталды. АҚШ президенті өз сөзінде:

  1. Қытай басшысын ұлы елдің ұлы жетекшісі деп атады;
  2. АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынастың ұзақ уақыт бойы жоғары деңгейде сақталатынына үміт білдірді;
  3. Екі ел көптеген мәселелер бойынша келісімге келгенін және ҚХР жетекшісімен кездесу бұл бағытта одан әрі ілгерілеуге мүмкіндік беретінін айтты.

Журналистер Трамптан не себепті ядролық сынақтар өткізу туралы шешім қабылдағанын сұрағанда, ол жауап беруден бас тартып, баспасөз өкілдерін залдан шығаруды бұйырды.

Си Цзиньпин не деді

Ол Дональд Трамптың бейбітшілік орнату бағытындағы қызметін жоғары бағалады. Сонымен қатар ол Пекин мен Вашингтонның көзқарастары әрдайым бір жерден шыға бермейтінін атап өтті. АҚШ президенті Қытай басшысымен көптеген мәселелер бойынша келісімге келгенін сондай-ақ қазір тағы бірнеше мәселе бойынша келісім орнататынын айтты.

Биылдан бері Дональд Трамппен үш рет телефон арқылы сөйлесіп, бірнеше хат алмастық, – деді Си Цзиньпин.

Кездесу Кимхэ әуе базасында өтті. Бұл нысан Пусан қаласында, халықаралық әуежай маңында орналасқан. Бұған дейін әуе базасына америкалық әскерилер орналастырылған еді. Дональд Трамп пен Си Цзиньпин Оңтүстік Кореяға Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммитіне қатысу үшін келді.

Айта кетейік, Трамп Ресей президенті Владимир Путинді соғысты тоқтатуға шақырып, тағы да сынаған болатын. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *