Индира Елемес түрмеде отырған күйеуі пәтерін сатып жібергенін айтты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин
Әнші Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектен көмек сұрап, бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, 2018 жылы RAMS құрылыс компаниясынан сатып алған пәтерін түрмеде отырған бұрынғы күйеуі сатып жіберген.
Пәтерді 25 млн теңгеге бағалаған
Әнші Ile De France тұрғын үй кешенінен өз қаражатына үш пәтер сатып алғанын айтты. Алайда 2024 жылдың қарашасында бұрынғы күйеуі Иманмәди Қалелхан ұсталған. Кейін көп ұзамай Индира Елемес балаларымен тұрып жатқан үйінің 25 млн теңгеге сатылып кеткенін бір-ақ білген.
Әншінің сөзіне қарағанда, сол үйдің нарықтағы құны 125 млн теңге шамасында көрінеді.
Ол экс-жұбайының «Варрант Инвест Груп» құрылыс компаниясына қалайша қолхат жазып бергенін түсінбей отырғанын жеткізді.
«Заңды құжаттар менің қолымда»
RAMS компаниясының басшысы Рамазан Бұлбұлға бірнеше рет жолықтым. Нәтиже болмаған соң мәселені әлеуметтік желіде жариялауға мәжбүр болдым. Барлық заңды құжат менің қолымда. Үй менің атымда тіркелген. Ең сорақысы — туған әкесі балаларын ойламай, ол үйді сатып жібергені. Бұл баспана оған ешқандай қатысы жоқ, себебі ол кезде арамызда заңды неке болмаған, — дейді Индира Елемес.
Белгілі болғандай, бұл іс бойынша Медеу аудандық полиция бөліміне арыз жазған, бірақ іс қысқартылып кеткен.
Еске сала кетейік, бұған дейін әнші Арайлым Әбілсейіт Instagram-дағы парақшасына бұрынғы күйеуі, танымал гитарашы, композитор Ақсұңқардың жазбасын жариялаған болатын.
Пікірлер (0)