Астанада судья Әсел Досаева көлікті мас халде жүргізген

Жаңалықтар
view 282
news

Фотосурет: Halyqstan Telegram-арнасы

Астана қаласында азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаева мас халде көлік жүргізгені үшін ұсталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі КазТАГ-қа сілтеме жасап.

Рейдтік іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері Mazda маркалы көлікті тоқтатқан. Сараптама нәтижесі бойынша жүргізушінің мас болғаны анықталды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды. Тексеріс жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Астана қалалық полиция департаменті көлік құралын мас халде басқару заңды өрескел бұзу әрі айналадағы адамдардың өміріне қауіп төндіретін әрекет екенін ескертеді. Мұндай фактілер заң аясында қатаң түрде тоқтатылады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *