Өзбек бапкері қазақ бокс мектебінің мықты екенін мойындады
Фотосурет: газета.uz
Өзбекстан ұлттық құрамасының аға бапкері Рахматжон Рузияхунов World Boxing әлем чемпионатында Қазақстан құрамасымен бәсекелестік туралы айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Бапкер ZBS Podcast YouTube-арнасында қазақ ұлттық құрамасының артықшылығын алға тартты.
Олардың бокс мектебі өте мықты. Қазақ боксы әрдайым жоғары деңгейде. Мен әрқашан айтып келемін, біз – Месси мен Роналду сияқтымыз. Әрдайым бір-бірімізбен бақталастамыз. Мұндай көрші елдердің болғаны – үлкен мүмкіндік. Біз олардан үйренеміз, олар бізден үйренеді. Сол еңбектің арқасында үлкен жетістіктерге жетіп жүрміз, – деді Рахматжон Рузияхунов.
Еске сала кетсек, бокстан биылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте көш бастап, 7 алтын медаль иеленген еді. Ал Өзбекстан боксшылары 6 алтын медаль иеленіп, 2-орынға жайғасқан болатын.
Пікірлер (0)