СҚО-да жұмысшы фермерді атып өлтірді

Жаңалықтар
view 301
news

Фотосурет: fontanka.ru

Қайғылы оқиға Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданына қарасты Докучаево ауылында болды. Мас халдегі жергілікті тұрғын еңбекақы қарызы үшін фермерді атып тастаған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Мессенджерлерде тараған ақпаратқа сәйкес, ауыл тұрғыны қатты мас болып, жергілікті фермермен есеп айырысу үшін оның үйіне барған. Бұл оқиға 31 қазанда сағат 22:00 шамасында болған. Келу себебі – жалақы қарызы.

Докучаево ауылының тұрғыны «БурБат» ЖШС директорының үйіне жұмыс ақысын қашан төлейтінін сұрауға барған. Кәсіпкер үйінен оқталған мылтықпен шығып, қорқыту мақсатында аспанға оқ атқан. Сол кезде жұмысшысы мылтықты жұлып алып, екі рет атқан. Біреуі фермердің басына, екіншісі ішіне тиген, – делінген желіде тараған хабарламада.

Ауыр жарақат алған фермер сол жерде көз жұмған. Ал ауыл тұрғыны қашпай, полиция келгенше күткен.

Оқиға үлкен резонанс тудырды. 22 жастағы күдікті ұсталды. Полиция Докучаево ауылының 52 жастағы тұрғынының өлім себебін анықтап жатыр, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Қаза тапқан адамның отбасына аудан әкімі көңіл айтты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *