Қазақ пен қырғызды қорлаған Биволдың экс-әйелі бұрынғы қайын атасынан таяқ жеді

Жаңалықтар
view 186
news

Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде Екатерина Биволға жасалған шабуыл сәті бейнеленген видео тарап, көпшіліктің назарын аударды. Пайдаланушылардың айтуынша, роликте оның бұрынғы қайын атасы әйелге қол көтерген сәт көрініс тапқан, деп хабарлайды Todayinfo.kz-ке сілтеме жасаған JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Екатеринаның сөзінше, ол оқиға бойынша полицияға арыз түсірген, ал видео көп ұзамай интернеттен өшірілген.

Оқиға кезінде маған бұрынғы күйеуімнің әкесі шабуыл жасады. Кейін бейнежазбаны біреулер қашықтан өшіріп тастады. Мен қазір дәрігерге барып, соққы іздерін тіркетіп жатырмын. Маған тіпті бас бапкер келіп, «шу шығарма» деді. Неліктен Ресейде әйелдерді ұрып-соғу қалыпты жағдайға айналған? Мені ер адам ұрып жатыр, ал ешкім араша түспейді. Мұндай адам міндетті түрде жауапқа тартылуы тиіс, - дейді Екатерина Бивол видеоның бір бөлігінде.

Бейнематериалда ер адам мен әйелдің дауыс көтеріп сөйлесіп тұрған сәті байқалады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қазақты кемсіткен Алика Мұхамадиева сотта соңғы сөзін айтты (ВИДЕО)

Оқиға желі қолданушылары арасында екіұшты пікір тудырды. Кейбір комментаторлар зорлық-зомбылықты ақтаған пікірлер қалдырса, енді бірі әйелге қарсы күш қолдануға қатаң қарсы шыққан.

«Дұрыс істеді», «Жарайсың дұрыс істедің» — деп жазғандар да болды.
Ал басқа қолданушылар: «Керісінше, әйелге қол көтеру — ұят әрі қылмыс. Әркімнің сөзі үшін емес, әрекеті үшін жауап беретін елде өмір сүріп жатырмыз» деп пікір білдірді.

Қазір полиция аталған факт бойынша тексеріс жүргізіп жатыр.

Еске салсақ, таяуда қазақты кемсіткен Алика Мұхамадиеваға сот үкімі шыққан еді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *