Қазақты кемсіткен Алика Мұхамадиеваға сот үкімі шықты
Фото: видеодан скриншот
Сот қазақ халқына және мұсылмандарға тіл тигізген Алика Мұхамадиеваға үкім шығарды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Сот үкімі
Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты діни және ұлттық араздықты қоздырғаны үшін М.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.
Сот мәліметінше, 2025 жылы жазда М. Threads желісінде ұлттық, діни араздық пен өшпенділікке қатысты сөздер жазған.
Сот үкімімен М. ҚР ҚК-нің 174-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бірақ жазаны өтеу екі жылға кейінге қалдырылды. Бұған оның 2 жасар баласы бары негіз болған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін қазақты кемсіткен Алика Мұхамадиева сотта соңғы сөзін айтқан болатын. Қарағандыда оған қатысты сот өтіп жатқанын жазған едік.
Пікірлер (0)