Қазақты кемсіткен Алика Мұхамадиева сотта соңғы сөзін айтты (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 326
news

Фото: Ulysmedia.kz

«Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша сотталып жатқан 22 жастағы Алика Мұхамадиева сотта соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Azattyq Ruhy жазды.

Ол не деді

Ол соңғы сөзінде де кінәсін мойындап, соттан жеңіл жаза сұраған.

Жүрегімнен шыққан сөзімді бұған дейін де айттым. Бүгін де тіл тигізген адамдардан кешірім сұраймын. Бұным үшін қатты ұяламын және өкінемін. Соттан жаза тағайындарда кінәмді толық мойындағанымды, қатты өкінетінімді және кішкентай қызым бар екенін ескеруді сұраймын. Бұрын жоспарларымды орындау үшін қызымды ата-анама сілтей салатын едім, енді қызымның жанында болу үшін барымды беруге дайынмын, - деді сотта Алика Мұхамедиева.

«Қазақстан мамбеттермен танымал»

Айта кетейік, Threads желісінде бір адамның жазбасына пікір қалдырған Алика Мұхамедиева мұсылмандар мен қазақ ұлтының азаматтарына тіл тигізген.

Мұсылмандардың көбі шошқа сияқты, сіздерден кейін дәретханаға кіргенде ол жердің лас жататынын бірнеше рет байқадым. Тіпті, дәретхананың есігінің тұтқасы су қалпында тұрады. Сондықтан, үйлеріңнен шықпай отырыңдар, - деп жазған еді.

Сондай-ақ ол Қазақстан «мамбеттермен танымал» деген пікір қалдырып, көпшілікке тіл тигізген. Оның соты 3 қазан күні басталған еді.

Еске салсақ, бұған дейін Қарағандыда қазақты кемсіткен қызға қатысты сот өтіп жатқанын жазған едік.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *