ЖИ министрлігі маңызды мәлімдеме жасады: жаңа телефон аларда нені ескеру қажет

Жаңалықтар
view 111
news

Фото: vodafone.ua

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі қазақстандықтарға маңызды құлаққағыс жасады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

IMEI кодын тексеріңіз

Смартфон сатып алмас бұрын IMEI кодын тексеріңіз! Телефоныңыздың IMEI кодын алдын ала тексеру – өзіңізді қорғаудың ең оңай әрі сенімді жолы.

Бұл сіздің құрылғыңыздың заңды түрде тіркелгенін және ешқандай шектеусіз жұмыс істейтініне көз жеткізуге көмектеседі, - делінген хабарламада.

Оны қалай тексереді

IMEI кодты *#06# теру арқылы немесе құрылғы қорабынан және корпустан табуға болады.

Кодты imei.kz сайтында тексеріңіз. Бар болғаны бірнеше минут уақытыңызды арнап, тіркелмеген немесе ұрланған құрылғыны сатып алудан, байланыс желісіне қосылу қиындықтарынан, қажетсіз шығындар секілді қиындықтардың алдын аласыз, - дейді министрлік өкілдері.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *