Алматыдағы жер сілкінісі: Халыққа дер кезінде SMS жібермеген үш шенеунік сотталды

Жаңалықтар
view 124
news

Фото: Shutterstock

Алматы прокуратурасы былтыр, 2024 жылы 23 қаңтарда Алматыдағы күшті жер сілкінісі туралы халыққа алдын ала ескерту жібермеген тұлғалардың сотталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Прокуратура не деді

Прокуратураның ақпаратына сүйенсек, жабдықты қабылдау кезінде немқұрайлық танытқаны үшін Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының үш орынбасары сотталған. Алайда олардың қандай жаза арқалағаны айтылмаған.

Тергеу анықтағандай, «TNS-INTEC» ЖШС бас директоры жеке пайда табу ниетімен сапасыз жабдықты жеткізіп, орындалған жұмыстардың жалған актілерін рәсімдеген және осылайша аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған, - деп хабарлады прокуратурадан.

Ескерту жібере алмаған

Іс деректереніне сүйенсек, қаланың Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі кезінде халыққа ескерту жіберу үшін автоматтандырылған алдын ала ескерту жүйесін сатып алған. Бірақ 2024 жылы 23 қаңтарда ол жүйе халыққа ескерту жібере алмай қалған.

Бұны Президент пен Бас прокуратура назарға алып, кінәлі тұлғаларды жауапқа тартуды тапсырған еді.

Еске салсақ, жақында Түркиядағы жер сілкінісінен жиырмаға жуық адам жарақат алғанын жазған болатынбыз. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *