«Тоқалдықты заңдастыру қажет»: Депутат бұл жағдай бәрібір заңдық тұрғыда реттеуді қажет ететінін айтты

Жаңалықтар
view 68
news

Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан тоқал алуды заңдастыру жөніндегі сөзіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл – тек журналистің сұрағына берген жауабы болған, ал қоғамда туындаған пікірталасқа себеп болу оның ниетінде болмаған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Тоқалдықты заңдастыру қажет – Мәжіліс депутаты (ВИДЕО)

Қазақстаннан тыс жерде жүргендігіме байланысты журналист Ербол Сейілханға берген тосын жауабыма кеңірек түсінік беруге қазір мүмкіндігім жоқ. Елге оралған соң айтқан әр сөзім үшін толық жауап беруге дайынмын. Бұл жағдайды желеу етіп, елді дүрліктіру немесе қоғам назарын басқа мәселеден бұру – менің мақсатым емес. Бұл журналистің тікелей қойған сұрағына берген жауабым ғана, – деді депутат.

Абзал Құспан бұл мәселе Мәжіліс деңгейінде талқыланып жатқан жоқ екенін атап өтті.

Мәжілісте бұл мәселе қаралып жатқан жоқ, және мен сұхбат барысында да оны нақты айттым. Депутат ретінде бұл тақырыпты Мәжіліс мінберіне шығару жоспарымда да, ниетімде де жоқ, – деді ол.

Сонымен қатар депутат қоғамда тоқалдар мен некесіз туған балалар мәселесі бар екенін жоққа шығармады.

Бұл – елімізде жоқ мәселе емес. Қоғамда ондай жағдай бар, әрі ол ерте ме, кеш пе, заңдық тұрғыда реттеуді қажет етеді, – деді Абзал Құспан.

Осылайша, депутат өз сөзінің контекстін нақтылап, қоғамда туындаған резонансқа түсініктеме берді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *