ҚазҰУ: Тізімдегі қыздар моральдық зардапты ақшалай өндіре алады
Жаңалықтар
332
Заңгер Бағдат Амандосұлы аталмыш жағдайға байланысты университет кінәлі деп табылған жағдайда студенттер арасында тараған тізімде бар қыздар моральдық шығын талап ете алады деп мәлімдеді. Бұл туралы janabastau.kz хабарлайды
Сондай-ақ заңгер ақпараттарды таратуда әдіскердің де кінәсі бар екендігін айтады.
Сонымен қоса, заңгер егер университет қызметкерді осы факті бойынша жұмыстан шығарса, өз кінәләрін жанама түрде мойындағанмен тең болатынын айтады.

Егер университет сонда оқитын студенттердің пәктігі және дербес деректер туралы таралған факті бойынша қылмыстық не әкімшілік жауапкершілікке тартылса, онда сол құжаттағы тізім бойынша зардап шеккендер өздерінің моральдық зардаптарын ақшалай түрде өндіру талап арызбен сотқа жүгінуге құқығы бар,-деп атап өтті ол.

Адамдарға тарату фактісі нақты анықталып тұр. Әрине, әдіскердің қызметтік салғырттығының кесірі бар. Себебі ол жіберілген құжатты қарап, топқа тек студенттердің аты-жөнін ғана жазып жіберу керек еді. Тергеу барысында бәрі белгілі болады,-дейді заңгер.
Пікірлер (0)