Қосшылық екі тұрғыны екі айдан бері табылмай жатыр

Жаңалықтар
view 86
news

Қосшы қаласының жоғалып кеткен екі тұрғыны іздестірілуде, –  деп хабарлайды janabastau.kz. Бұл жөнінде қалалқық  полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Мәлім болғандай 26.06.2004 жылғы Абылайхан Дарынұлы Еркінов қаңтардың 23-інде Астана қаласына қыдырып кеткен. Жоғалған азаматтың бойы 168 см, дене бітімі орташа, шашы қара, қысқа қиылған. Үстіне қара шәпкі, қара шалбар, қара аяқкиім киген. Қалалық ПД-не өтініш қалдырған 43 жастағы анасы ұлын тосып отыр. Сонымен бірге  осы жылдың 13 ақпанында сағат 20.00 шамасында Қосшы қалалық ПБ-на 41 жастағы әйел жүгініп, 36 жастағы інісін іздеуге көмек сұраған. Ол 6 қаңтарда үйінен шығып, қайтып оралмаған. Ол үстіне көк куртка, қара шәпкі, джинсы, ақ кроссовка киген. Жоғалған адамдардың екеуі де бұрын үйінен кетіп қалып жүргендер. «Қосшы қалалық ПБ Криминалды полиция бөлмінің қызметкерлері жоғалған адамдарды Астана қаласынан іздеді, бірақ одан нәтиже шықпады. Оларды іздеуге Ақмола облысы ПД жеке құрамы мен еріктілер тартылды», –  деді ведомстводан. Осы ретте, полиция жоғалған адамдарға қатысты қандай бір мәліметі бар адамдар болса, дереу «102» арнайы желісі немесе 8-(716-51) 79-721, 8-708-354-03-82, 8-705-657-65-55, 8-702-520-40-00 телефон нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *