«KOKSHE» ӘКК ақмолалықтардың азық-түлік өнімдеріне қолжетімділігін қамтамасыз етеді
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Ақмола облысында «KOKSHE» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Ақмола облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін аймақтық стабилизациялық қор құрылған.Бұл туралы «Kokshe» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әли Әлиев брифингте мәлімдеді деп хабарлайды janabastau.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Корпорация өңірдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтап қалу үшін бірқатар маңызды шараларды қабылдады. Өткен жылы облыстық қорға 2,5 млрд теңге қаражат бөлініп, 2,4 мың тонна әлеуметтік маңызы бар өнімдер сатып алынды. Спикердің айтуынша Бұл қордың жұмысы халықтың азық-түлік өнімдеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етіп келеді. Сонымен қатар, азық-түлік өнімдерін тұрақты бағамен сату үшін 42 дүкен желісі жұмыс істейді.
««Ауыл-Аманаты» бағдарламасы ауылдық кәсіпкерлікті дамытуға арналған микрокредиттер ұсынады. 2024 жылдың желтоқсанында осы бағдарламаға 1,8 млрд теңге бөлініп, 308 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
«Кең дала 2» бағдарламасы аграрлық секторды қолдауға бағытталған, фермерлерге 5%-тік жеңілдетілген несие береді. 2024 жылы 35 өтінім мақұлданып, жалпы көлемі 11 млрд теңгені құрайтын қаржы бөлінді», деп толықтырды спикер.
Бұл бағдарламалар ауыл тұрғындарының табысын арттыруға және агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған маңызды қадамдар болып табылады. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін «KOKSHE» ӘКК 7 ірі инвестициялық жобаға қолдау білдірді. Бұл жобалар аясында, сүт тауарлы фермалар құрылып, мал басы көбейтілді. 2024 жылы 15 млрд теңге қаржы бөлініп, 7 мыңға жуық ірі қара сатып алынған. Ал 2025 жылы тағы да 20 млрд теңге көлемінде инвестициялар қарастырылуда. Бұл шаралар Ақмола облысының азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етуде.
«Біз сондай-ақ, Көкшетау қаласындағы тұрғын үй қорының жаңғыртылуына да үлкен көңіл бөлеміз. Қалада реновация бағдарламасы аясында ескі үйлер сүзіліп, жаңа заманауи тұрғын үй кешендері салынады. 2024 жылы Уәлиханов көшесінің маңында алғашқы екі жаңа тұрғын үй кешенінің іргетасы қаланды. Бұл жоба өңірдегі құрылыс секторын дамытуға және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған» деді Әли Әлиев.
«KOKSHE» ӘКК Ақмола облысының тұрақты дамуы мен әл-ауқаты үшін жаңа бастамаларды жүзеге асыруға дайын. Бұл жұмыс мемлекет пен бизнестің өзара тиімді серіктестік принциптеріне негізделіп жүзеге асырылады. Ынтымақтастықтың нығаюы Ақмола облысына отандық және шетелдік инвесторларды тартуға, инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды дамытуға ықпал етеді.
Пікірлер (0)