Сербияда қазақстандық әйел жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Жаңалықтар
view 19
news

Фотосурет: дереккөз

Әлеуметтік желілерде Сербияда Қазақстан азаматшасы қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Сыртқы істер министрлігі оқиғаны растады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ. 

TikTok желісіндегі homeart_mebel қолданушысы қызының Сербияның Белград қаласында қайтыс болғанын жазып, фотосурет жариялады. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне берген жауабында Сербияда расымен де Қазақстан азаматшасы қайтыс болғанын жазған. 

"Сыртқы істер министрлігі Сербияда қайтыс болған азаматшамыздың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қазақстанның Сербиядағы елшілігі жергілікті құзырлы органдармен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен үнемі байланыста болып, оларға жан-жақты консулдық-құқықтық көмек көрсетуде. Мәселе министрліктің бақылауында", - делінген хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *