Көкшетауда қазандық жарылып, жасөспірімнің денесі 50 пайызы күйген

Жаңалықтар
view 51
news

Көкшетауда қазандықтың жарылуы салдарынан 2010 жылы туған жасөспірім зардап шекті. Ол күйікпен ауруханаға түсті,  – деп хабарлайды janabastau.kz Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 16 ақпанда сағат 23:20-да диспетчердің пультіне оқиға туралы хабарлама келген.

"Ақау салдарынан циркуляциялық сорғысы үзіліп, қазандық қираған. Оқиға салдарынан 2010 жылы туған бала зардап шекті. Ол Көкшетау облыстық балалар ауруханасына 50 пайыз денесінің (бет, аяқ-қол, дене және аяқ) термикалық күйікпен жатқызылды", – делінген деректе.

ТЖД мәліметінше, бала ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде. Өртке қарсы қызмет шақырылған жоқ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *