Қазақстанның бес қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі

Жаңалықтар
view 60
news

Бүгін, 17 ақпанда бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды janabastau.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. Синоптиктердің болжамына сәйкес, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе, Астана, күндіз Балқаш қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *