Конституция – ортақ өміріміздің бағдары
Фото: Janabastau.kz
Бұрын Конституцияны тек заңгерлер мен мемлекеттік органдарға ғана қатысты құжат сияқты қабылдайтынмын. Қазір оның мәні әлдеқайда терең екенін түсіндім. Конституция – елдің қандай қағидаттармен өмір сүретінін, азаматтың қандай құқықтарға сүйенетінін айқындайтын негізгі тірек.
Жаңа Конституция жобасында адам қадірі, еркін таңдау, әділетті қоғам құру секілді ұстанымдарға басымдық берілген. Бұл – әр азаматтың үні мен ұстанымы ескерілуі керек деген сөз.
Заңды білу – саналы қоғамның белгісі. Өйткені өз құқығын таныған адам ғана оны қорғай алады. Ешбір жаңару бір сәтте жүзеге аспайды. Бірақ үлкен өзгеріс азаматтық белсенділіктен басталады. Сондықтан Конституцияны жай құжат деп емес, ортақ өміріміздің бағдары деп қабылдауымыз керек.
Баршаңызды 15 наурыздағы референдумда өз таңдауыңызды жасауға шақырамын.
Жәнібек Бақытханұлы,
"Jańa Bastau" газетінің қызметкері


Пікірлер (0)