Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. VII бөлім
Жаңалықтар
176
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі қолданыстағы Ата заңымыздың VII бөлімінің тақырыбынан бастап өзгеріс енгізілді.
Мысалы қазіргі қолданыстағы Конституцияның аталған бөлімі «VII бөлім. Соттар және Сот төрелiгi» деп аталса, жаңа редакциядан кейін «VII бөлім. Соттар және сот төрелiгi. Прокуратура. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл» деп өзгертілді.
9 баптан тұратын бұл бөлімдегі 78, 82 және 83-баптар өзгерді. Әрине, 78-бапта аса қатты өзгеріс жоқ. Тек бап мәтініндегі «Кеңес» сөзі «Сот» сөзіне алмастырылды.
Ал 82-баптың 4-тармағына жасалған өзгертудің нәтижесінде, бұған дейін Президент тағайындап келген Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы, бұдан былай Парламент Сенатының келісімімен ғана тағайындалатын болады. Яғни Президент Сенат депутаттарымен келісе оытрып тағайындай алады.
Сонымен қатар, осы баптың 5-тармағына енгізілген өзгеріс – Жоғарғы соттың құрылымын қалыптастыру да заңмен бекітілетін болды.
Жаңа редакциядағы VII бөлімдегі өзгеріске ұсынылған 83-бапта екі тармақ жаңа редакциямен берілді. Алғашқысы – 4-тармақ. Онда бұған дейін «прокуратураның құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі заңмен белгіленіп» келсе, бұдан былай «Конституциялық заңмен белгіленетіні» анық көрсетілген.
Аталған бапқа енгізілген екінші өзгеріс тікелей Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің міндеттері мен құқықтарына, құзыреті мен қызметіне байланысты. Анығы 83-бап 83-1-бабымен толықтырылды.
4 тармақтан тұратын бұл бапта еліміздегі Адам құқытары жөніндегі уәкілдің мәртебесі Конституциялық деңгейге дейін көтерілгенін анық байқауға болады.
VII бөлімдегі баптарға енгізілген өзгерістерді толығырақ төменнен оқуға болады.
Айта кетейік, Конституциялық реформаға ұсынылған Ата заңымыздың жаңа нұсқасы жақында жарияланды. Ал ескі нұсқасы Ақорданың ресми сайтында жарияланған қазіргі кездегі қолданыстағы Конституциядан алынды.
78-бап
Жаңа нұсқада: 78-баптағы «Кеңеске» деген сөз «Сотқа» деген сөзбен ауыстырылсын.
Ескі нұсқада: 78-бап
Соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті.
82-бап
Жаңа нұсқада: 82-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын Республика Президенті Парламент Сенатының келісімімен бойынша тағайындайды.
- Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі, құрамын қалыптастыру тәртібі және жұмысын ұйымдастыру заңда айқындалады.».
- Жоғары Сот Кеңесі Республика Президенті тағайындайтын Төрағадан және басқа да адамдардан құралады.
- Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және жұмысын ұйымдастыру заңмен белгіленеді.
- Республика прокуратурасының құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі заңмен белгіленеді.
- Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адам мен азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдеседі, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ілгерілетуге ықпал етеді.
- Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз болады және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға есеп бермейді.
- Қылмыс орнында ұстап алынған немесе ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан басқа кезде, Адам құқықтары жөніндегі уәкілді өз өкілеттігінің мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
- Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайы және қызметін ұйымдастыру конституциялық заңда айқындалады.».
Пікірлер (0)