Көпбалалы отбасылардың әлеуетін ашу бойынша тегін тренинг өтеді
Жаңалықтар
289
Сурет: Ашық дереккөзден
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының "Отбасы құндылықтарын насихаттауға, көп балалы аналар мен отбасыларды қолдауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру" әлеуметтік тапсырысының іске асыру шеңберінде Қосшы қаласында көпбалалы отбасылардың әлеуетін ашу және тұлғалық қалыптасуы тақырыбында 1 күндік тегін тренинг өтеді. Бұл туралы janabastau.kz хабарлайды.
ҚР 100 жаңа есім жобаның жеңімпазы, Халықаралық ЮНИСЕФ тренері, Еуропалық психологтар қауымдастығының мүшесі, психолог/суицидолог, PhD кандидаты Абдрахманова Сымбат тренерлік етуімен болады.
Өтетін орны: Қосшы қаласының Мәдениет үйі, Ж.Жабаев көшесі 24 “а”.
Басталуы 3 - ші тамыз, сағат 10:00 де.
Пікірлер (0)