Көпбейінді ауруханаларды бюрократиялық шырғалаңға салмай, пайдалануға беру қажет

Жолдау
view 59
news

Фото: ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі Жолдауында мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесін дамыту үшін жүйелі шаралар қабылдап жатқанын еске салды.

Елімізде медицина нысандары біртіндеп жаңғыртылуда. Ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пункттерден бастап, мамандандырылған ауруханаларға дейін жаңартылып жатыр. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 540 нысан салынды, осы жылдың соңына дейін тағы 115 нысан пайдалануға берілмек. Ал қалалық жерлерде денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар ірі нысан іске қосылды. Мысалы, Астанада онкология орталығы, Алматыда жұқпалы аурулардың ғылыми орталығы ашылды. Осы ретте бұған дейін түрлі аймақта бой көтерген көпбейінді ауруханаларды бюрократиялық шырғалаңға салмай, пайдалануға беру қажет. Сондай-ақ мұндай жаңа нысандар салуды жалғастыра берген жөн, - деді мемлекет басшысы.

Айтуынша, бұл жұмысқа мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмдері аясында жеке инвестицияны да тарту керек.

Сонда азаматтар Астанаға көше бермейді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *