«Көркем SOYLE» медиа-тренингі өтті
Жаңалықтар
121
29 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекеттік тілді дамыту қоры жас журналистерге арналған «Көркем SOYLE» медиа-тренингін өткізді, деп хабарлайды janabastau.kz.
БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай өткізілген, тренингке радио және теледидар, ақпараттық агенттіктер, баспа және интернет басылымдарының журналистері, барлығы 50-ден астам БАҚ өкілдері қатысты.
«Іс-шараның мақсаты – БАҚ-та мемлекеттік тілді қолдану сауаттылығын арттыру, тіл мәдениетін жетілдіру, тілді қолдану деңгейін көтеру және жас журналистердің кәсіби біліктілігін арттыруға қолдау көрсету», – дейді Қор қызметшілері.
Тренинг «қазіргі қазақ телевизиясы және радиожурналистикада мемлекеттік тілді қолдану мәселелері», «Қазақ тілі – қоғаммен байланыс құралы ретінде», «Эфирдегі харизма. Эфир этикасы. Шешендік өнер.», «PR технологиялардағы қазақ тілін қолдану ерекшеліктері» атты тақырыптар бойынша өтті.
Шараға белгілі тіл маманы Шерубай Құрманбайұлы, журналистика саласының жетекші мамандары Гүлжазира Берікқызы, Айза Аблаким, Мұхамед-Әли Болатұлы, Сымбат Талғатқызы қатысып, трениг өткізді.
«Біздің медиа-тренинг жас журналистердің біліктілігін арттыруға, мемлекетіміздегі кәсіби қазақтілді баспасөзді дамытуға, сөз бостандығы мен ой еркі
ндігін кеңейтуге бағытталған», – деді Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев.
Тренинг барысында қатысушылар қажетті және пайдалы ақпараттар, мамандардан өз сұрақтарына жауап алып, сондай-ақ өзара тәжірибе алмасып, пікір бөлісті. Соңында әр қатысушыға арнайы сертификаттар табысталды.
Пікірлер (0)