Көрші қыздарды зорлаған түркістандыққа сот үкімі шықты: Ер адамға химиялық кастрация жасалады
Сурет: ғаламтордан
Түркістан облыстық сотында 33 жастағы педофилге сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Janabastau.kz.
Қылмыс 2022 жылдың жазында Түркістан облысы Отырар ауданында болған. 33 жастағы ауыл тұрғыны қарындасымен ойнауға келіп жүрген 10 жас шамасындағы көрші қыздарға жүйелі түрде азғындық жасап келген. Кінәлі деп танылған ер адамға сот үкімімен 25 жыл бас бостандығынан айыру мен химиялық кастрация жазасы тағайындалды. Сотталған ер адам оларды қорқытып-үркіткен. Қолдарына ақша да ұстатқан. Бұл жағдай былтыр белгілі болды. Сот барысында қылмыскер кінәсін мойындаған жоқ.
Алайда сот медициналық сараптама кезінде былықтың бәрі анықталды. Зорлық көрген жасөспірімдер де болған жағдайды баяндап берді.
“Абақтыдағы аудиожазба да жаға ұстатарлық жағдайға дәлел болды. Онда сотталушы екі қызды зорлап, біреуіне сол сипаттағы әрекет жасағанын айтқан. Педофилдың психикалық ауытқушылығы бар-жоғына да сараптама жасалды”, – деді Түркістан облысы сотының баспасөз қызметі.
Осылайша қылмыс барысында да, оған дейін де ер адамның ақыл-есі түзу болғаны анықталды.
Енді 33 жастағы қылмыскер өмірінің 25 жылын түрмеде өткізеді. Сондай-ақ, ол педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Бұдан бөлек, химиялық кастрациялау түрінде және жыныстық зорлық-зомбылыққа бейімділік пен сексуалдық артықшылық беруінің бұзылуын мәжбүрлеп емдеу жазасы тағайындалды. Одан бөлек сотталған ер адам моральдық залал ретінде балалардың заңды өкілдерінің әрқайсысына 5 млн теңгеден беруге міндеттелді. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.
Пікірлер (0)