Көшемізден бір чемпион шығару керек болды ғой

Жаңалықтар
view 294
news

Фотосурет qaz365.kz сайтынан алынды

Дзюдодан Париж Олимпиадасында атой салған Елдос Сметовтің Тараздағы үйі орналасқан көшенің асфальті жаңарды. Бұл туралы әлеуметтік желіге жергілікті журналист Дастан Исламбек жазған еді. Алайда оның бұл постына байланысты жағымсыз пікірлер жазылып жатыр.

«Қазір Елдос Сметовтің есінің алдындамы. Толық асфальт төселді», - дейді журналист.

Жақында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Елдос Сметовтің шаңырағына барып, ата-анасын құттықтап, құрмет көрсеткен. Елдос Сметовтің ата-анасы Бақтыбай және Тоқтагүл Сметовтерге «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін, жарына Құрмет грамотасын табыстаған.

Ал жаңадан жайылған асфальтқа байланысты жағымды пікірмен қатар, сын айтқандар көп.

«Чемпион болмаса жасамайды екен»...

«Арпа ішіндеги бір бидай да алдына дейін асфальт, басқалар тоқалдан туған да».

«Осы көшені айтып еді өткенде бір жігіт. Елдос тұратын көше нашар, асфальт салып берсеңіздер деп. Керемет, Чемпионның көшесі».

«Көшемізден бір чемпион шығару керек болды ғой, асфальттап жөндеу үшін. Болмаса әкім, депутат тұру керек шығар».

«Осындай көзбояушылықты қашан қоямыз».

«Алтынға асфальт. Күміске щебень, Қолаға шағал»...

«Қазақ десен өзіңе тиеді».

Желіде осылай пікір қалдырғандар көп. Бір мәліметтерге қарағанда Елдос Сметов тұратын көшеге күзде асфальт жайылуы керек болған. Бірақ Олимпиададағы жаңалықтардан кейін әкімдік мердігерге жұмысты жылдамдатуды тапсырған.

Атап айтқанда, ұзындығы 1.2 шақырымдық Байымбаев және Жайымбаев көшелері жөнделген.

Еске сала кетейік, былтыр «Президент келеді» деп Абай облысы Бородулихада ойдым-ойдым жолдар асығыс жөнделген еді. Тоқаевтың өзі ол тұста Вьетнамға жоспарланған ресми сапарын кейінге қалдырып, Абай облысына баған. Ол барар алдында жергілікті атқамінерлер Президент келеді деп жол жөндеуге кірісіп кеткен. Желіде әкімдіктің бұл әрекеті де өткір сынға қалған еді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *