Қосшы аруы - 2024 байқауының жүлдегері анықталды

Жаңалықтар
view 176
news

Қосшы аруы - 2024 байқауының жүлдегері анықталды.

Жан сұлулығымен тән сұлулығы бір арнада үйлесіп, бір адамның бойынан табылса Тәңір жазған сый. Сұлу болып жүру мен сұлу болып көріну бір басқа. Адамзат қоғамында қаншама өзгерістер болды осы өзгерістерді қалыптастырған тәні сұлу мен жаны сұлу. Сұлулық әлемді құтқарады деп бекер айтпса керек. «Сұлу» сөзін көбіне әйел адамға теліп жатамыз «бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен» – ананы сұлу дейміз ол рас, хақ. Бопай ханым, Айғаным, Айбике, Зере, Ділдә, Жаһан бегім, Балқадиша, Құсни Қорлан, Хиуаз Доспанова сыныды қазақ қоғамында орыны бар аналардың ізін жалғайтын бүгінгі күнге үлгі, болашақа бағдар болатын жас ару қыздарымызды «Қоғамның айнасы» ету үшін Қосшы қаласында дәстүрлі түрде өткізілетін «Қосшы аруы-2024» биылда жалғасын тауып отыр.

Байқауға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ақын, жазушы Ұларбек Нұрғалымұлы, жазушы, журналист Қойшыбай Есентаев , Республикалық Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Баян Ахатай , Қазақстан ұлттық телеарнасының журналисі, теле жүргізуші Армангүл Тоқтамұрат, жеке кәсіпкер Қасымбеков Ерғали Мұқанбекұлы төрелік етті. Сонымен қатар, үйленбеген сері жігіттер тәуелсіз сарапшы ретінде қатысып, аруларға баға берді. Сондай-ақ байқауға 2022-20233 жылғы жеңімпаз арулар қонақ ретінде шақырылды. Байқау болғаннан кейін жеңілу мен жеңу қатар жүреді. Қаламыздың көрікті де, білімді арулары қазылар алдында өз өнерлерін салып, мың бұрала биледі, жебе қадап, әсем ән де салды, түрлі кезеңдерден өтті. Байқау қортындысы бойынша: Бас жүлдені Қаукенова Иназ Сейілханқызы (Тайтөбе ауылы); I орынды-Күзекбай Жазира Ерболатқызы; II орынды-Ақкербез Болатқызы; III орынды- Рымгүл Рымғалиқызы; III орынды- Сарсенбаева Әйгерім Күнжігітқызы иеленсе, “Аймүсін ару”-Есмұрза Аружан Бизатқызы, “Кербез сұлу”-Сәкім Аружан Дәулетқызы, “Сұңғыла сұлу”-Эльвера Амангелдіқызы, “Көркем ару”-Жахан Жанерке Ерсінқызы, “Аймүсін ару”-Тұрсынова Әсел Шералиқызы, “Әлеуметтік желі аруы”-Рымгүл Рымғалиқызы иеленді. Айта кетейік, Қосшы қаласы мәслихатының депутаты, "Тарлан Батырлары" ЖШС-нің директоры, ҚР бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР күрестен еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорттың Құрметті қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, меценат Болат Абдрахманов мырзаға, "Ақ аңыз" кондитерлік желісінің құрылтайшысы Е. Қасымбековке және құрметті қонақ ретінде қатысып, аруларды марапаттаған бокстан әлем чемпионы Мерей Төлегенұлы Ақшалов байқауға демеушілік көрсетті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *