Күн қатты ысиды: Елімізде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жаңалықтар
view 92
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Қазақстанның 17 облысында қолайсыз ауа райына байланысты 24 шілдеде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды janabastau.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының батысында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/сі. Күндіз 40-43 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Қызылордада 24 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 40-42 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 24 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 24 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығындал батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда 24 шілдеде күндіз кей уақыттарда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай ойнап, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ақтауда 24 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Астанада 24 шілдеде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 24 шілдеде күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі.

Күндіз Атырау облысының шығысында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, түнде және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында 37 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 24 шілдеде күндіз найзағай ойнайды, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-18 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 24 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ұлытау облысының шығысында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 24 шілдеде күндіз 37-39 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде  24 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде 24 шілдеде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жел екпіні 23 м/с дейін жетеді. Петропавлда 24 шілдеде найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстағы екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүтік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Таразда 24 шілдеде күндіз 38 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда 24 шілдеде таңертең және күндіз найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды деп күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 24 шілдеде найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жетісу облысының шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Талдықорғанда 24 шілдеде күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *