Құрғақшылық салдарынан жиналатын өнім көлемі азайып қалайын деп тұр – Әлихан Смайылов

Жаңалықтар
view 125
news

Құрғақшылықтан бірқатар өңірлер зардап шекті. Оларда жиналатын өнім көлемі азайып қалайын деп тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды janabastau.kz тілшісі inform.kz сілтеме жасап.

«Өздеріңіз білетіндей, жаз айлары жылдағыдан ыстық болды. Құрғақшылықтан бірқатар өңірлер зардап шекті. Оларда жиналатын өнім көлемі азайып қалайын деп тұр. Құрғақшылықтың салдарын жою мақсатында шұғыл шаралар қабылданды. Оның ішінде Үкімет резервінен қаражат бөлінетін болады. «Бәйтерек» холдингі құрғақшылықтан зардап шеккен шаруалардың кредиттері бойынша борыштарды төлеу мерзімін ұзарту және оны қайта құрылымдау мәселесін пысықтауы қажет. Жалпы, жағдай бақылауда. Жеткілікті көлемде өнім жиналады. Қазақстандықтар нансыз қалмайды», - деп тоқталды Әлихан Смайылов.

Бұған қоса Премьер-Министр биыл мал азығын дайындау мен суару жүйелеріне арналған техника алу үшін «ҚазАгроҚаржы» компаниясының жарғылық капиталын ұлғайту үшін 20 млрд теңге бөлінгенін атап өтті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *