М. Хәкімжанованың туғанына 120 жыл толуына орай кітапхана сабағы өтті

Жаңалықтар
view 33
news

Фотосурет: дереккөз

Кітапханада қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, публицист Мәриям Хәкімжанованың туғанына 120 жыл толуына орай тағылымды кітапхана сабағы ұйымдастырылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Шараның мақсаты – оқырмандарды ақынның өмір жолымен, шығармашылық мұрасымен таныстырып, оның қазақ әдебиетіндегі орны мен маңызын кеңінен насихаттау.

Кітапхана қызметкерлері қатысушыларға ақынның өмірбаяны, шығармашылық кезеңдері және әдебиетке қосқан үлесі туралы мазмұнды ақпарат ұсынды.

Әсіресе, ақынның поэзиясында елге, жерге деген сүйіспеншілік, адамгершілік, адалдық, еңбекқорлық сияқты құндылықтардың кеңінен көрініс табатыны атап өтілді. Шара барысында оқырмандарға ақынның кітаптары таныстырылып, оның өлеңдері мен шығармаларынан үзінділер оқылды.

Сонымен қатар қатысушылар ақынның шығармашылық әлеміне тереңірек үңіліп, қазақ әдебиетінің дамуына қосқан зор үлесі туралы өз ойларымен бөлісті. Кітапханада ақын шығармаларына арналған арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, келушілер назарына Мәриям Хәкімжанованың поэзиялық жинақтары мен оның өмірі мен қызметі туралы әдебиеттер ұсынылды.

Бұл көрме жас оқырмандардың қызығушылығын арттырып, ұлттық әдебиетке деген құрметін нығайтуға ықпал етті. Осындай танымдық әрі тәрбиелік мәні зор іс-шаралар арқылы оқырмандар қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығын танып, ұлттық руханияттың бай мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *