“Мәңгі бірге боламын деуші едім”. Сабина Алтынбекова экс-күйеуі жайлы бар шындықты айтты
Alash.kz коллажы
Танымал волейболшы Сабина Алтынбекова журналист, тележүргізуші Динара Сәтжанға сұхбат беріп, жеке өмірі жайлы сыр шертті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Alash.kz ұлттық порталынасілтеме жасап.

“Ұлымның әкесімен әлеуметтік желі арқылы таныстық. Махаббат пайда болып, шаңырақ көтердік. Кейін екі жаққа кеттік. Бұрын сүйікті адамыммен мәңгі бірге боламын деуші едім. Ол сөзім де тұрғым да келді. Бірақ өмірдің бағыты басқа екен. Сол үшін қазір ештеңе айта алмаймын. Айтқан сөздерім, керісінше болып орындалып жатады. Көңіл-күйім де өзгеріп жүр. Менің жеке өмірімдегі сәтсіздігіме айналысатын спортымның ешқандай да қатысы жоқ. Ешқандай зияны тиген жоқ.
Тағдырыма ренжімеймін. Осылай болу керек шығар?! Керісінше, менің өмірімде ажырасу оқиғасының болғанына өте қуаныштымын. Мен мұны абыроймен қабылдаймын. Ол өте керемет әке. Мен мұны бәріне айтамын. Ол ұлымызды қатты жақсы көреді. Олардың арасында ерекше байланыс бар. Болашақта қосылуымызға қатысты сұраққа нақты жауап бере алмаймын. Жоғарыда айтып кеткенімдей, керісінше болып қалуы мүмкін", – деді Алтынбекова.
Пікірлер (0)