"Өлім жазасына кесу" айыбын Трамп АҚШ-та қайта енгізбекші

Жаңалықтар
view 69
news

Дональд Трамп (сурет: Chip Somodevilla / Getty Images)

Трамп: Вашингтонда кісі өлтірушілерге өлім жазасы қолданылуы мүмкін

АҚШ президенті Дональд Трамп қылмыспен күрес шаралары аясында ел астанасында кісі өлтіргендерге ең қатаң жаза – өлім жазасын енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Janabastau.kz ақпарат агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап.

«Егер біреу Вашингтонда біреуді өлтірсе, біз өлім жазасына кесеміз», – деді ол Ақ үйдегі жиында.

Қазіргі таңда Колумбия округінде ең ауыр жаза – өмір бойы бас бостандығынан айыру. Ал кей жағдайларда істер федералдық сотқа беріліп, федералдық заң аясында өлім жазасы тағайындалуы мүмкін.

Айта кетейік, бүгінде Колумбия округі мен АҚШ-тың жиырмадан астам штатында өлім жазасы жойылған. Зерттеулерге сәйкес, бұл жаза қылмыстың алдын алады дегенге нақты дәлел жоқ.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *