Марат Ахметжанов Ақмола облысының әкімі болды

Жаңалықтар
view 92
news

Бұрынғы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Ақмола облысының әкімі болды, деп хабарлайды janabastau.kz тілшісі  Zakon.kz сілтеме жасап.
Тағайындау туралы тиісті жарлық 2023 жылғы 5 қыркүйекте Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
"Марат Мұратұлы Ахметжанов Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", – делінген ресми хабарламада.
2019 жылғы наурыздан бастап Ақмола облысының әкімі қызметін Мемлекет басшысы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі етіп тағайындаған Ермек Маржықпаев атқарып келді.
Марат Мұратұлы Ахметжанов 1964 жылы Жезқазған облысында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1991 жылы Теміртау қаласы прокуратурасында тағылымгер, кейін тергеуші болып бастаған.
Әр жылдары Бас прокуратура жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокуратураның аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, Бас прокуратураның Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасы аймақтық тергеушілер бөлімінің бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бөлім бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы, Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы, Тергеу департаменті директорының орынбасары және Әділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау комитеті төрағасының орынбасары, Бас прокуратураның Тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы қызметтерін атқарған.
2003-2006 жылдары Павлодар облысының прокуроры, кейін Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары, Атырау облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, Атырау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің басшысы, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы  болып қызмет атқарды.
Қазақстан Республикасының президенті Қ. Тоқаевтың жарлығымен 2022 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі болып тағайындалды.
2023 жылғы 3 сәуірде президенттің жарлығымен Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі болып қайта тағайындалды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *