Синоптиктер алдағы күндерге ауа райын болжады

Жаңалықтар
view 82
news

Синоптиктер 7-9 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, - деп хабарлайды janabastau.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап. Болжамға сәйкес, алдағы күндері республиканың көп бөлігінде найзағай ұрып, екпінді желмен жаңбырлы ауа-райы сақталады. 8-9 қыркүйекте солтүстік-батыста, 9 қыркүйекте елдің солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

"Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында күндіз ауа температурасы біртіндеп 18-25 жылуға дейін көтеріледі деп болжанады. Ал Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында 13-23 жылы болады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 22-30 жылы градус сақталады", - делінген хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *