Қазақстанда электр самокаты мен мопед жүргізушілерін жаппай тексеру басталды

Жаңалықтар
view 69
news

Бір апта бұрын елде мұндай қозғалыс құралын жүргізушілерге жаңа ереже бекітілді, бірақ талапқа бағынып жатқандар кемде кем, деп хабарлайды janabastau.kz тілшісі informburo.kz. Полиция қызметкерлері жол бойында жасы 18-ге толмаса да самокат тізгіндегендердің көптігін және олардың белгіленген жиектен шығып кетіп жатқанын айтады.

Қазақстанда электросамокатты бір қолмен, жүк арқалап және қасына адам мінгестіріп жүргізуге болмайды. Жылдамдағы да сағатына 25 шақырымнан аспауы тиіс. Жаңа ереже 30 тамызда шықса да, жүргізушілердің көбі бұл ережелерден бейхабар. Павлодар облысында бір күнде ережеге бағынбаған 30 адам ұсталса, Шымкентте 90 адам ұсталған.

Ережеге бағынбаған электросамокат жүргізушілеріне салынатын айыппұл аз болмайды. Егер адам мінгестіріп жүрсе – 8625 теңге, ал мас күйінде жүргізсе 34 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді. Тротуармен жүрсе – жылдамдықты сағатына 6 шақырымнан асырмау керек. Жалпы электросамокат жылдамдығына шектеу қойылғанымен, полицейлер қолында оны анықтайтын құрал жоқ. Тәртіп сақшылары негізінен көлікті мінгесіп тізгіндегендер мен жиектен шыққандарға шара қолдануда.      

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *