Қазақстандық фильм алғаш рет Пусан кинофестивалінде көрсетілмек
Фильмнің режиссері – Кенжебек Шайқақов. "Айқай" – режиссердің екінші толықметражды жұмысы. Көркем фильмнің түсірілімі Абай облысы Аягөз ауданы Шыңғожа ауылында өтті. Басты рөлдердерде Орынбек Шаймағанбетов, Арнұр Акрам, Ерболат Әлқожа, Бейнұр Баймұхамбетов, Ерлан Малаев, Айбек Иманқұлов және Айғаным Нұрсұлтан ойнайды.
"Халықаралық кинофестивальдерде біздің фильмдерімізге деген сұраныс жоғары екенін көріп отырмыз. Азиядағы ең ірі кинофестивальдердің бірінде көрсетілетін "Айқай" кинокартинасы – осының дәлелі. Жалпы киноиндустрия өкілдері және біздің орталық жұмысты бір жүйеге қойып, әр фильм өз мақсатын айқындауға тиіс. Бізге нақты нәтиже керек. Бізге фильмдеріміздің сөрелерде шаң басып жатқаны емес, олардың прокатқа шығуы, фестивальдерге қатысып, жетістіктерге жетуі маңызды", – деді ҰКҚМО басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.
Пікірлер (0)