Мәсімовтің күйеу баласын ұстап берген адамға сыйақы беріледі
Жаңалықтар
300
Фото: коллаж Orda.kz
Антикор ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің тұңғыш қызы Тамилла Кәрімнің бұрынғы жұбайы Азамат Кәпенов туралы ақпарат берген адамға сыйақы берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды janabastau.kz
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Антикор департаменті 1978 жылғы Қырғызстан тумасы, Ресей Федерациясының азаматы Азамат Абайұлы Кәпеновті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 3-тармағына сәйкес ауыр қылмыс жасағаны үшін іздестіруде.
Қазіргі уақытта оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
«Егер сіз іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы білсеңіз немесе оның ықтимал мекенжайы туралы мәліметтеріңіз болса Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментімен (мекенжайы: Өскемен қаласы, Лихарева көшесі, 2) келесі телефондар арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: кезекші бөлім 8 (7232) 29-88-88, іздестіру тобының ұялы телефоны 8-708-908-92-79, немесе электрондық пошта арқылы жазуға болады: kb.vko@antikor.gov.kz» делінген хабарламада.
Сыйақы және ақпарат иесін құпия ұстау кепілдендірілген.
Пікірлер (0)