Медиа саласындағы заңнама жетілдіріліп жатыр – А.Балаева
«Осы жылдың наурыз айында Мемлекет басшысының жарлығымен сөз бостандығын одан әрі қамтамасыз етуге, отандық медиасфераның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және ақпараттық егемендікті нығайтуға бағытталған «Ақпараттық доктрина» бекітілді. Ал, тамыз айында Үкіметтің Қаулысымен оны іске асыруға бағытталған іс жоспары қабылданды. Доктринадан туындайтын аса маңызды заң жобаларының бірі Министрлік бастамасымен жүзеге асқан «Масс-медиа туралы» заң жобасы болды. 30 қарашада Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысы өтті. Онда заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Қазіргі уақытта жұмыс тобының отырыстары аясында талқылау жұмыстары жалғасуда», – деді министр.
«Жарнамалық мазмұнды орналастыратын пайдаланушылардың жарнаманы таңбалау қажеттілігіне ерекше мән берілді. Бұл ережелер барлық қажетті талдаудан өтті. 2024 -жылы ақпанның соңына дейін қабылданады. Олар коммерциялық негізде материалдарды жариялайтын онлайн-платформа пайдаланушыларына әсер ететін болады. Сонымен қатар пайдаланушылар мен инфлюенсерлерге қатысты жалған ақпарат таратқан кезде оларға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Олар: 20-дан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл және бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу. Бұл норма қазірдің өзінде жұмыс істей бастады», –деді министр.
Пікірлер (0)