Жылдың үздік кәсіпкері – 2023» жобасының жеңімпаздары марапатталды

Жаңалықтар
view 74
news

Бүгін Қосшы Мәдениет үйінде қала әкімі Гайдар Қасеновтың қатысуымен «Қосшы және қолтаңба» атты кітаптың тұсаукесері және «Jana bastau» әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси газетінің ұйымдастыруымен жүзеге асқан «Жылдың үздік кәсіпкері – 2023» жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Аталмыш жинақ газетте жыл бойы жарияланған мақалалар негізінде сұрыпталып алынып, осымен екінші жыл қатарынан жарық көріп отыр. Мерзімдік басылымда сүйікті қаламыздың тұрмыс-тіршілігінен жан-жақты сыр шертетін талдаулар мен сараптаулар, сұхбаттар мен репортаждар, күнделікті өмірдің әр қырын қамтитын тағы басқа сүбелі дүниелер жыл бойы жарық көріп келді. Осы уақыттың ішінде басылымның бетінен елімізге танымал талай тұлғалардың мақалалары мен өңір тарихына қатысты көптеген қызықты деректер жарияланды. – «Jana bastau» газетінің ашылғанына екі-ақ жыл болса да ол өңірдің ақпараттық кеңістігінде өзінің лайықты орнын тапты. Шығармашылық ұжымының еңбегі жоғары бағаланып, биыл облыстың «Үздік баспа басылымы» атағын жеңіп алды, – дей келе Қайдар Қабдоллаұлы «Жылдық үздік кәсіпкері – 2023» байқауының жеңімпаздарын Жаңа жылмен құттықтады. Газеттің құрылтайшысы, белгілі ақын Бауыржан Қарағызұлы мерзімдік басылым А2 форматымен қазақ және орыс тілдерінде апта сайын 12 бет болып шығатынын айта келіп: – Газетіміз жас болғанымен, бұл облыста осындай үлкен көлеммен шығатын жалғыз басылым. Сондай-ақ жыл сайын газет мақалаларын жинақтап, кітап ретінде шығарып отырған да жалғыз біздің ұжым. Бұл тасқа басып қалдырылған тарих. Жинақтың шығарылуына қолдау көрсеткен кәсіпкерлерге зор ризашылығымызды білдіреміз,– деп сөзін аяқтады. Жеңімпаздарғы мақтау грамотасы, ескерткіш статуетка және кітаптың бір-бір данасы тарту етілді. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КӘСІПКЕРІ – 2023» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ: 1. Нұрдәулет Нұрсейітұлы ҚАСЕНОВ, «ЭлитСтройКомплект» ЖШС – «Жылдың үздік кәсіпкері» номинациясы 2. Жанар Шалқарбекқызы ШӘЙКЕНОВА, «Өнер» шығармашылық орталығы – «Жылдың үздік зияткер ордасы» номинациясы; 3. Маржан Құрманжанқызы ДЖЕКСЕМБИЕВА, «MARZHAN YOGA» орталығы – «Жылдың үздік йога орталығы» номинациясы; 4. Асылбек Мұхаметқалиұлы ҚҰМАРОВ, «Сауран клуб» орталығы – «Жылдың үздік өнер ордасы» номинациясы; 5. Саян Асқарұлы ҚАБЫЛҚАҚ, «ТОЙLIKE» жиһаз құрастыру цехы – «Жылдың үздік өндірушісі» номинациясы; 6. Бекболат Бақытбайұлы ТУРЕКЕЕВ , «GREENPLAST» есік-терезе шығаратын цех – «Жылдың үздік өндірушісі» номинациясы; 7. Евгений Николаевич ЛАВРОВ, «Нива» шаруа қожалығы – «Жылдың үздік шаруа қожалығы» номинациясы; 8. Айнұр Әшімқызы АЯШЕВА,«TANYM-KIDS» орталығы – «Жылдың үздік балаларды дамыту орталығы» номинациясы.  

Дәулет АСАУ

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *