Мектеп жиналысында балағат сөз айтқан ата-ана 73 мың теңге айыппұл төледі

Жаңалықтар
view 346
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Ақсу қаласындағы мектептердің бірінде WhatsApp мессенджері арқылы өткен ата-аналар жиналысында ересектердің бірі балағат сөз айтқан. Полиция оған қатысты әкімшілік материал толтырып, сот 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды деп хабарлады жергілікті полиция қызметі.

Белгілі болғандай, Ақсудағы мектептердің біріндегі 2-сынып ата-аналары WhatsApp мессенджері арқылы мектеп жиналысын өткізген.

Әңгіме барысында ата-аналардың бірі балағат сөздер айтқан. Ата-аналар оның бұл әдепсіздігін ұнатпай, арыз жазған. 

— Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша, яғни қоғамдық орында айналасындағыларға балағат сөздер айтып, әдепсіздік білдірген ер адамға қатысты әкімшілік материал толтырылды. Материал сотта қаралып, оның шешімімен заң бұзушыға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Айта кетейік, жыл басынан бері осындай фактілер бойынша Ақсу өңірінің 124 тұрғыны жауапкершілікке тартылды, — деді Ақсу қаласы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Айдын Жүнісов.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *