Мемлекет басшысы қолға алған саясат баршаға тең мүмкіндік беруге бағытталған – Мәулен Әшімбаев

Жаңалықтар
view 53
news

Мемлекет басшысы қолға алып отырған саясат халықтың әл-ауқатын арттыруға және баршаға тең мүмкіндік беруге бағытталған. Бұл туралы жалпы отырыста Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды janabastau.kz тілшісі ҚазАқпарат сілтеме жасап.

«Жолдау әрдайым ел дамуының басым бағыттары мен алдағы мақсат-міндеттерді айқындап беруімен маңызды. Бұл жолы Мемлекет басшысы еліміздегі экономикалық саясаттың жаңа моделін қалыптастыруға басымдық берді. Өздеріңізге белгілі, бүгінгі әлемдегі күрделі ахуал мемлекеттердің дамуына әсерін тигізуде. Осындай қиын кезеңде Президентіміз халықтың тұрмыс сапасын арттыруға аса мән беріп отыр. Жолдауда жаңа экономикалық саясаттың нақты әрі тиімді тетіктері анықталды. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың жүйелі механизмдері көрсетілді. Бәріне бірдей түсінікті, ашық, әділетті салық саясатын қамтамасыз ету қажеттігі айтылды. Инвестиция тарту үшін қолайлы бизнес-климат қалыптастыруға үлкен мән берілді», - деп тоқталды Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасы Жолдауда айқындалған міндеттерді орындау үшін Сенат депутаттары тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін мәлім етті.

«Мемлекет басшысы қолға алып отырған саясат халықтың әл-ауқатын арттыруға және баршаға тең мүмкіндік беруге бағытталған. Яғни, бұл бастамалар әділеттілік қағидаларының барлық сала жүзеге асуына мүмкіндік жасайтыны сөзссіз», - деп түйіндеді Мәулен Әшімбаев.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *