Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі
Фотосурет: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне қатысты. Шанхайда өтіп жатқан дәстүрлі жиын биыл «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбына арналып отыр.
Мемлекет басшысы бұл конференция Қытайдың жасанды интеллект саласындағы айтулы жетістіктерін айқын көрсететінін атап өтті. – Бүгінде дүние жүзіндегі жасанды интеллектіні зерттеушілердің жартысынан астамы – Қытай елінің өкілдері. ЖИ саласындағы патенттердің басым бөлігі қытайлық жаңашыл мамандарға тиесілі. Ал елдің қарқынды инновациялық экожүйесі озық технологиялардың көптеген бағытында соны серпіліс жасауда, – деді Президент.
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясында жарияланған «Барша адамзат игілігіне қызмет ететін ЖИ» тұжырымдамасына қолдау білдірді.
– Технологиялық прогресті баршаның игілігіне айналдыруға күш-жігер жұмылдырғанда осы ұсынылған қағидаттарды басшылыққа алған жөн деп санаймын. Келешектің келбетін өзара сенім мен ортақ мүддеге сай тығыз ынтымақтастық орнатып, серіктесе әрекет ететіндер айқындайды. Мен бұған кәміл сенемін. Осы орайда Төраға Си Цзиньпин ұсынған «Адамзаттың ортақ тағдыры қоғамдастығын» құру туралы тұжырымдаманың маңызы зор. Қазақстан алысты болжаған бұл бастаманы жоғары бағалайды әрі жасанды интеллект дәуірінде оның өзектілігі артып келеді деп санайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Пікірлер (4)
The choice between hosted and open-source models is rarely ideological. Hosted models can reduce time to market and operational burden. Open-source models can offer more control over deployment, data handling, customization and unit economics at scale. The right decision depends on workload, risk, latency, volume and the engineering capacity available to operate the system. How are teams here making this decision for production applications?
Hi prieten. I have found an amazing blockchain development. Check it out! <a href=https://blockchain-development-company.baby>Blockchain Engineering</a> Cheers!
Hey guys! Check out a solid guide on new trends in digital currencies. It dives deep into the latest movements in crypto trading and tech. A must-see if you follow crypto. No matter if you’re into trading, this resource will help you stay updated. <a href=https://bhikaribilli.com/the-best-open-source-and-free-crypto-buying-and/>Visit link</a>
Hello friends. I recently came across a MiCA software development provider for CASPs. Could help with Travel Rule compliance software. <a href=https://mica-compliance.today>CASP compliance software</a> Thanks!