Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс айту күнімен құттықтауы

Жаңалықтар
view 43
news

Сурет: Ақорда

Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құт­тықтаймын!

Бұл жарқын мереке азаматтарымыздың бір-біріне де­ген ризашылығы мен тілектестігінің, шынайы құрметінің символы саналады.  

Халқымыз ғасырлар бойы берекелі бірлігі мен туған жер­ге деген шексіз сүйіспеншілігінің арқасында ең күр­де­лі сынақтар мен қатерлерді еңсере білді. Осы іргелі құн­дылықтар жалпыұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бө­лі­гіне айналды.

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толады. Бұл құрылым қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді.

Қазір біздің алдымызда жүйелі әрі ауқымды рефор­ма­ларды жүзеге асыру міндеті тұр. Осы орайда, әр азаматтың ел тағдырына жауапты екенін толық сезіне білуі маңызды. Біз жұдырықтай жұмыла білсек қана үйлесімді және әді­летті қоғам құру жолында жетістікке жетеміз.

Туған елдің игілігі үшін адал әрі тынымсыз еңбек етіп жүрген барша отандастарыма алғыс айтамын. 

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *