Ақтауда жастар арасындағы төбелес видеоға түсіп қалды

Жаңалықтар
view 22
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Ақтауда жастар арасындағы төбелес видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға қаланың 20-шағын ауданында болған. Куәгердің айтуынша, бірнеше адамнан тұратын топ екі жасөспірімге шабуыл жасап, оларды соққыға жыққан. 

Оқиғаның бір бөлігі тұрғын үйдің терезесінен түсірілген бейнежазбада көрінеді. Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, зардап шеккендердің жеке басы анықталған – екеуі де 17 жаста.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша іс жүргізіліп жатыр. Алдын ала деректерге сәйкес, жанжалға қатысушылар бір-бірін таныған. Оқиғаның себептері мен барлық мән-жайы анықталуда.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *