Қасым-Жомарт халықты Рамазан айының басталуымен құттықтады

Жаңалықтар
view 38
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! 

Бұл – халқымыздың рухани өмірінде ай­рық­ша маңызы бар кезең. 

Ораза кезінде сабырлылық пен қанағат­шыл­­дық, жанашыр­лық пен қамқорлық секілді ізгі құндылықтар ерекше дәріп­те­леді. Азамат­та­ры­мыз мұқтаж жандарға көмек беріп, қайы­рым­­ды­лық жасауға ұмтылады. Мұның бәрі ис­лам дінінің гу­м­анис­тік идея­ларынан бастау алады. 

Халқымыз үшін дін мен дәстүр – бірін-бірі то­лықтырып, өзара сабақтасып жатқан егіз ұғым. Асыл дініміз де, ата дәс­түріміз де жұртты жақ­сылық пен жасампаздыққа үндейді. 

Биыл Рамазан айы Алғыс айту күнімен тұс­па-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар. Мазмұны терең, мағы­насы үндес қос мере­ке халқымыздың берекелі бірлігін одан әрі нығайта түсуге шақырады. 

Оразадан оразаға аман-есен жете берейік! 

Баршаңызға бақ-береке тілеймін! 

Ниет қабыл болсын! 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *