Әнші Асқар Дүйсенов жол апатынан қаза тапты

Жаңалықтар
view 87
news

Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысында болған көлік апатынан әнші, асаба Асқар Дүйсенов қаза тапты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ

Әлеуметтік желілерде әншінің әріптестері мен достары марқұмның отбасы мен туғандарына көңіл айтып жатыр. Асқар Дүйсеновті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 2 наурыз күні әншінің туған жері – Солтүстік Қазақстан облысының Кішкенекөл ауылында өтеді.

 

Ақмола облысы ПД-ның хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 28 ақпанда Астана-Петропавл трассасының 31-ші шақырымында болған. “Газель” мен Volkswagen Polo көліктері соқтығысып, соның салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі қаза тапқан.

 

Адам өліміне әкеліп соқтырған жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып, процестік шешім қабылданды.

 

Полиция департаменті жүргізушілерге жылдамдықты шектен тыс асырмауды, жол жағдайын және көлік құралының техникалық жағдайын бақылауда ұстауды ескертеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *