Президент Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Феридун Синирлиоғлыны қабылдады
Фотосурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммиттің жұмысына белсене қатысқаны үшін Феридун Синирлиоғлыға ризашылығын білдіріп, бұл платформа Орталық Азия мен көрші аймақтарға ортақ экологиялық мәселелерді шешу жолын бірлесіп іздеуді көздейтінін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феридун Синирлиоғлы орнықты даму, климаттың тұрақтылығы, су ресурстарын тиімді басқару және өзара экономикалық байланысты кеңейту салаларындағы ықпалдастықты дамытуға ниет танытты.
Президент еліміз ЕҚЫҰ-мен барлық үш өлшем бойынша ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растады. Ұйыммен арадағы серіктестік 2010 жылы өткен ЕҚЫҰ саммитінің Астана декларациясы қағидаттарына негізделгенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары, демократия мен заң үстемдігі ұлттық басымдық ретінде қарастырылатынына назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феридун Синирлиоғлы өңірлік және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Пікірлер (0)