Мемлекет басшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін «Бішкек Арена» стадионына барды
Жаңалықтар
36
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров күтіп алды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын тамашалады. Биыл жарыстар 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында өтеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Додада 100-ден астам елден 3 мыңға жуық спортшы бақ сынайды. Сайыстың 43 түрінен, соның ішінде қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады. Қазақстанның атынан 150-ден астам спортшы сынға түседі. Отандастарымыз 43 спорт түрінің барлығында өнер көрсетеді.
Пікірлер (0)